$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» бұрынғы қызметкерлері тұрған үйлердің бір де біреуін сата алмай отыр

AstanaTV
09.01.2019ж. 20:00
2521
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» бұрынғы қызметкерлері тұрған үйлердің бір де біреуін сата алмай отыр

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» бұрынғы қызметкерлері тұрған үйлердің бір де біреуін сата алмай отыр. Екі рет өткен аукционда да баспаналарды саудалаған ешкім болмапты. Ал, сатуға қойылған 1960-2006 жылдары салынған үйлер. 1,2,3 бөлмелі пәтерлердің ауданы 26-дан 65 шаршы метр аралығында. Ең төмен бағада ұсынылған баспананың бастапқы бағасы 7.5 миллион теңге. Ал, аукцион шартына сай қатысушы пәтердің 15% кепілдік жарнасын төлеуге міндеттелген.  

Төлеген ІЗДІБАЕВ, «АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ ҰҚ» АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Бүгін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» өзінің бейінді емес активтерін жүзеге асыру барысында компанияға тиесілі 7 пәтерін аукционға сатуға шығарды. Аукцион мемлекеттік мүлік тізілімінің «Gosreestr» интернет сайтында өткізілді. Өкінішке орай, өтінімдердің болмауына байланысты аукцион жарамсыз болып танылды. Келесі аукционның мерзімі бойынша қосымша хабарлаймыз.  

Ә. Өмірзақ