$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Сырдариядағы су деңгейі Қызылорда қаласы маңында қауіпті шегіне жетті

AstanaTV
10.01.2019ж. 20:00
3241
Сырдариядағы су деңгейі Қызылорда қаласы маңында қауіпті шегіне жетті

Сырдариядағы су деңгейі Қызылорда қаласы маңында қауіпті шегіне жетті. «Тасбөгет» гидробекетінде су 704 сантиметрге жеткен. Қазір өңірде облыс бойынша тасқынның алдын алу қызметтері күшейтілді. Мұз кептеліп қалса, өзендегі су арнасынан тасуы ықтимал деген қауіп те бар. Бүгінгі күні Сырдарияның жартысында мұз толық қатпаған, сең жүріп жатыр. Мамандар болса, «Жағдай жіті назарда, үрейленуге негіз жоқ»-деп отыр.  

Әділхан ҚАРЛЫХАНОВ, АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНДІК СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Майда-майда мұздар, шуга дейміз ғой, солар келіп, дария деңгейін көтеріп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, шешім қабылданды, төмен қарай түннен бастап, секундына 800 текше метр су, мұндағы мақсат су деңгейін мұз қатқанша көтермей, елді-мекендерді, халық шаруашылығы нысандарын қалыпты жағдайда ұстау.

Ш. Сақтапова



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах