$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде Ақмоладан қызылша дертін жұқтырып келген сәби тағы алты балаға жұқтырған

AstanaTV
10.01.2019ж. 20:00
3452
Ақтөбеде Ақмоладан қызылша дертін жұқтырып келген сәби тағы алты балаға жұқтырған

Ақтөбеде жеті бала қызылша дертіне шалдыққан. Олардың кейбірі жұқпалы аурулар ауруханасында. Дәрігерлердің айтуынша, алғашқы сырқаттанған сәби отбасымен Ақмола облысына қыдырып барып, қызылшамен ауырып қайтқан. «Қалған алты бүлдіршінге дерт содан жұққан»-дейді дәрігерлер. Сондай-ақ, ақ халаттылар науқастанған балалардың барлығы бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алмағанын жеткізді. Өйткені, екі баланың ата-анасы екпеден бас тартқан. Қалған бес бөбек әлі жасқа жетпеген. Ал, дертке қарсы екпе бір жасқа толғанда жасалады. Қазір науқас балалармен байланыста болғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Қызылшаның таралуын болдырмау үшін облыста арнайы штаб құрылды. Былтыр Ақтөбе облысында бірде бір адам қызылшамен ауырмапты.  

Майра НҰРҒАЛИЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бес 5 бала ғана ауруханада қалды. Екеуі жазылып, үйіне шықты. Ем алып жатқан сәбилердің жағдайы қалыпты, қаңағаттанарлық деп айтуға болады. Қазір жаралары жазылып, қабығы түсіп жатыр.

Б. Рахметова