Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сирияда күрд жасағы тұтқындаған ДАИШ лаңкестерінің ішінде Қазақстан азаматы бар

AstanaTV
10.01.2019ж. 20:00
3193
Сирияда күрд жасағы тұтқындаған ДАИШ лаңкестерінің ішінде Қазақстан азаматы бар

Сирияда күрд жасағы тұтқындаған ДАИШ лаңкестерінің ішінде Қазақстан азаматы бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз беттерінде жарияланған ақпараттың анық-қанығын тексермек. Ал, соғыс ошағыннан қазір 1000-ға жуық жерлестеріміз шыға алмай отырғаны белгілі болды. Соның ішінде қарағандылық Ботагөз Махатованың келіні мен немелері де бар. Абай Сейфулла толықтырады.  

Он мне говорил всегда, мама меня прости, я не знал что так случится, постоянно я вспоминаю, я плачу, так как его нету, конечно хотела я б что он был жив, вернулся. 

Қарағандылық Ботагөз Махатованың ұлы 2012 жылы лаңестерге алданып Сирияға кеткен. Алғашқы жарты айда хабарсыз болып, кейін ғана әлеуметтік желі арқылы байланысады. 2013 жылы сонда ақтөбелік қызға үйленіпті. Бірақ, 2016 жылы белгісіз жағдайда мерт болған. Енді Ботагөз Махатова келіні мен 3 баласын қайтырғысы келеді. Ол жалғыз емес. Қазір кейуанамен мұңдас 120 әйел «Whatsapp» желісінде арнайы чат ашып, шеттегі балаларын қайтаруға бірге әрекеттеніп жатыр. Әзірге тек онының баласы Отанға оралды.  

Ботагөз МАХАТОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Элементарно мешітке барып, джихад деген не, терроризм деген не, соны ақырын білсе, ондайға қай ата-ана болса да, балаларының ана жаққа кетуіне жол бермейді. Біз басында білген жоқпыз, осындай оқиға болатынын. Мен ол кеткенде Қарағанды мешітіне барып, имамдардан білім алдым да, кетем деген балалардың ата-аналарына айтып, сол жайында біраз шаруа істедім. Көп ата-ана балаларын ұстап қалды.

Ал, 6 қаңтарда Сириядан оралған 47 Қазақстан азаматының 7-уінің үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Елге оралғандар Сирияға 2012-2015 жылдары Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінен кеткен. «Жусан» гуманитарлық операциясы туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мәлімдеме жасаған еді.  

Бақытбек РАҚЫМБЕРДИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ: 

Әрине, осы операция бірнеше ай бойы жүргізілді. Өте қиын болды. Әрине, енді барлық мәселелер толыққанды тексерілді, талқыланды. Көбісі сұрақ қояды, осы қайтарылған азаматтар жағынан қандай да бір қауіп бар ма деп. Тағы да айтайын, ол жағынан бәрін тексердік. Қазіргі таңда қайтарылған азаматтардың ішіндегі 6 ер адам мен 1 әйелдің үстінен қылмыстық істер қозғалынды.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:  

«Жусан» операциясының орындалуына көптеген елдер мен Халықаралық ұйымдар, оның ішінде АҚШ көмектесіпті. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, аталған мемлекетте әлі 380-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Көбі әйелдер. Олармен бірге 500-дей сәби тұрып жатыр. Қазақстан арбауға түскен өз перзенттерін қайтару жолындағы «Жусан» секілді бірегей операцияларды жалғастыра бермек. Иә, атауының өзі ерекше. Кез келген қазақ үшін, жұпар иісті жусан - туған жермен астасатын қастерлі ұғым.

А. Сейфулла