Негізгі / Жаңалықтар / Түркістан облысында 7 жасар баланы зорлаған бозбала сотталды

Түркістан облысында 7 жасар баланы зорлаған бозбала сотталды

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 7 жасар баланы зорлады деп айыпталған жасөспірім 7 жылға сотталды. Сот қандай дәлел келтірді? Айзада Төребекқызы тарқатып айтады.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  

Дүйім жұрттың назарында болған қылмыстық іске сот бүгін нүкте қойды. Шымкентте өткен сот процесі төрт айдан астам уақытқа созылған болатын.

Үкімді сотталушы сабырлы қабылдады. Жәбірленуші тарап та сот үкіміне қанағаттанатын айтты. Есесіне, сотталғанның анасы ұлының нақақтан нақақ жазаланатынын айтып, залды басына көтерді. Дегенмен, судья 16 жасар айыпталушының қылмысы толығымен дәлелін тапқанын алға тартты.  

Самидин ТЕМІРӘЛИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:  

Сотта анықталғанындай кәмелетке толмаған А 2017 жылы 26-тамыз күні шамамен 15:00-17:00 аралығында өзінің бауыры жасөспірім А мен бірге иесіз қалған үйдің ішінде жәбірленуші жасөспірім 2010 жылы туылған Б-ға қатысты күш қолданып, дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасап, оның артқы өрісіне бірнеше рет өзінің аталық жыныс мүшесін тыққан.

Сотта айтылғанындай ол бұл әрекетін бірнеше рет қайталаған. Тіпті бұл қылмысқа көршісін де тартқан көрінеді. Айта кетейін, мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 7 жыл 6 ай мерзімге жаза белгілеуді сұрапты. Ал, бұл бап бойынша Заңда 15 жылға дейінгі жаза қолданылады.   

Самидин ТЕМІРӘЛИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:  

Ол бұрын сотталмағандығын, қылмыс жасаған сәтте кәмелетке толмағандығы, тұрғылықты мекен-жайы бойынша оқитын мекемесінен жақсы жағынан мінезделетіні бәрі ескеріле отырып, оған осындай жаза тағайындалды.

Еске салайық, жаға ұстарлық оқиға өткен көктемде ел назарын аударған еді. Кішкентай баланың әжесі сол кезде бұқаралық ақпарат құралдарына «Немересін мектеп балалары бірнеше рет зорлап келгенін айтқан» болатын.     

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:  

Айта кетейін, 16 жасар сотталушы жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа дәрежелі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

А. Төребекқызы