Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандылық зообақ қызметкерлері жаңа жылдық шыршаларды аюлар үшін тапсыруға шақырды

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
2761
Қарағандылық зообақ қызметкерлері жаңа жылдық шыршаларды аюлар үшін тапсыруға шақырды

Хабарымыздың соңында қызықты ақпарат. Қарағандылық зообақ қызметкерлері ерекше акция ұйымдастырды. Олар жаңа жылдан қалған шыршаларды лақтырмай, зообаққа тапсыруға шақырып жатыр. Өйткені, ол аюларға апан жасау үшін қажет екен. Оның үстіне маймақтар қылқанды ағаштарды жақсы көретін көрінеді. Зообақтағы аюлар қыста ұйқыға кетпейді. «Апанға ағаш тасу - табиғи түйсік» - дейді зоологтар. Тұрғындар аюлар үшін шыршаларын әкеліп жатыр. Қазір онда Маша мен оның 5 қонжығы бар. Маймақтар апанға үйілген шырша ағаштарын кеміргенді де ұнатады.