«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры банкротқа ұшыраған банктерден өз қаржыларын шығарып үлгерген. Бұл жайында қордың басқарма төрағасы Абай Сарқұлов мәлімдеді. 2016 жылы «Казинвест банк» аяқ астынан жабылып қалғанда қаржысын қайтару үшін Бас Прокуратысына шағымдануға тура келіпті. Осы жағдай сабақ болса керек, қор мүшелері биыл банркотқа ұшырауы мүмкін деген банктерді алдын ала болжап, «Астана», «Қазақ» және «Эксимбантердегі» активтерін дер кезінде өзге қаржы мекемелеріне салып үлгерген.
Абай САРҚҰЛОВ , «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
2017 жылы «Дельта банктің» лицензиясы кері қайтарылғанда ондағы қаржыны қайтару үшін тіпті Заңға өзгеріс енгізуге тура келді. Сөйтіп Бас Прокуратараның көмегімен барлық қаржы қорға қайтарылды.
Г. Тасболатқызы