Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Дональд Трамп Түркияға қоқан-лоқы көрсетті

AstanaTV
14.01.2019ж. 20:00
2340
Дональд Трамп Түркияға қоқан-лоқы көрсетті

Дональд Трамп Түркияға қоқан-лоқы көрсетті. Егер, АҚШ әскері Сириядан кеткен соң Анкара сириялық күрдтерге шабуыл жасайтын болса, талқандайтынын айтып қорқытты. Ол экономикалық шаралар қолданатынын меңзеп отыр. Бұл туралы ол әдеттегідей «Твиттердегі» парақшасында мәлімдеді. Ал, күрдтерді Түркияны арандатпауға шақырды.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сириядан әскерді шығаруды бастай отырып, сондай-ақ, ДАИШ халифатынан қалғандарға жан-жақты ауыр соққылар жасаймыз. Егер, олар қайта жасақталатын болса, жақын маңдағы базадан тап береміз. Түркия күрдтерге соққы берсе, экономикалық тұрғыдан әлсіретеміз.

Бұған дейін Түркия президенті шығыста Евфраттан, сондай-ақ, сириялық Манбиджде күрдтерге қарсы операция бастайтынын мәлімдеп, АҚШ-тың оларды сол аумақтан шығаруын талап етті. Кейін телефон арқылы сөйлескен соң операция тоқтатылды. 19 желтоқсанда Ақ Ұй Сириядағы ДАИШ лаңкестерін жеңгенін айтып, америкалық әскерилер араб елінен шығарылатынын мәлімдеді.  

Г. Меңдеева