$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ сұққанын мойындады - Денис Тен соты

AstanaTV
14.01.2019ж. 20:00
3446
Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ сұққанын мойындады - Денис Тен соты

Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ сұққанын мойындады. Бүгні сотта 2,5 сағат бойы сұралған күдікті қылмысты қасақана жасамағанын, қайғылы оқиғаның жазатайым болғанын айтты. Денистің анасы мен халықтан кешірім сұрады. Ол сол қаралы күні көлік тізгінінде болған. Оқиға болған жерде сөмкені ұстап жол жиегінде Арман Құдайбергеновті күтіп тұрған. Бірақ, екінші айнаны шешіп алуға кеткен досын көлік иесі қуа жөнелгенде көмекке ұмтылған. Қиясов сыбайласы Арманның спортшыға шамасы жетпей жатқанын көріп, Денисті қолынан тартқан. «Артынша пышақпен қорқытпақ болдым»- деп ақталды.  

Нұралы ҚИЯСОВ, АЙЫПТАЛУШЫ:  

Қарасам Арман құлаған екен жерге. Сеткаға тақалып отырды. Содан кейін мен артынан жүгіріп бардым. Қолымда пышақ болды. Сосын өзіме қарап тарттым арқасынан ұстап. Ол кісі қорықпады. Негізі қашып кетеді деп ойладым. Одан кейін өзімде білмей қалдым қалай кіріп кеткенін пышақтың. Оксана ханымнан кешірім сұрағым келеді. Қазақстандықтардан да кешірім сұрағым келеді. Ауыр қылмыс жасадық. Түсінемін.

Еске салайық, қанды оқиға былтыр жазда болды. Қыршыннан қиылған спортшы көлігінің айнасын шешкен ұрылардың жолын кеспек болған. Фигурист өлімі бойынша, 3 адам айыпталуда. Ол Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар. Бұдан бұрын Арман Құдайбергенов тек айнаны ұрлағанын айтып, адам өлтіру бабымен келіспейтінін жеткізген. Ал, үшінші айыпталушы Жанар Толыбаева «ұрлықтан еш хабарым жоқ» деп шыр-пыр. Осылайша, үш күдіктінің біреуі ғана өз кінәсін мойындады. Сот процесі ертең де жалғасады.  

О. Нұржақып