Оңтүстікте табиғат тосын мінез танытты. Шымкентте демалыс күндері күн-райы +10 градусқа жетті. Ал, бүгін еліміздің үшінші мегаполисінде сынап бағаны түскі мезгілде +13-ті көрсетті. Түркістан облысының оңтүстік аудандарында қаңтардың бел ортасында тіпті 15 градусқа дейін күн жылып кеткен. Тұрғындар: «Қар көрмейтін болдық»- дейді. Синоптиктер мұны оңтүстіктен келген жылы ауа ағынымен байланыстырып отыр. Жылымық аймақта қаңтардың 15-і мен 16-сы күндері де сақталады деп болжам айтады.
Салтанат ҚОНЫС, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР СИНОПТИГІ:
Ертең күндіз қатты жауын-шашын күтіледі. Таулы аймақтарда түнге қарай мокрый снег, яғни, жаңбырдан қарға айналған жауын-шашын күтілуі мүмкін. Ал, былай қатты суық әлі жоқ. Тек бізде 19-қаңтардан бастап крещенский морозға қарсы сол кезде бізде аяз күтіледі. Түнде - 10 - 15 градус, күндіз 0- 5 градусқа дейін.
Таразда да күн күрт жылынып, жергілікті тұрғындар жазғы киімдерімен жүр. Тіпті көктем келгендей. Бүгін Таразда ауа температурасы + 13 градусты көрсетті. Қалада қар соңғы рет желтоқсан айының ортасында қылаулап, еріп кеткен. Содан бері қыстың нышаны байқалмапты.
Ержігіт ЕРКІНБЕК, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бүгін Таразда күн өте әдемі. Өзіміз де бүгін үстіміздегі қалың киімімізді тастап жүрміз, тамаша күн. Бұл енді қаңтар айы жаз айына ұқсап тұр. Бірақ, денсаулыққа зиян, әрине. Қар жоқ бір жағынан, көктем ертерек шығып кеткен сияқты біздің Таразда. 10 күн болды күн жылынып жатыр.
А. Төребекқызы