Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Браконьерлер инспекторларға шабуыл жасады

AstanaTV
14.01.2019ж. 20:00
3456
Браконьерлер инспекторларға шабуыл жасады

Қарағанды облысында браконьерлер инспекторларға шабуыл жасады. Қорғалжың қорығының Нұра ауданы аумағында ақбөкенге «ауыз салған» аңшылармен алысқан екі орманшының бірі хал үстінде жатыр. Оқиға кеше кешқұрым болған. Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык «Тойота Лэнд Крузер» маркалы екі автокөлігінің ізіне түскен. Біреуін қуып жеткенде, іштен еңгезердей үш браконьер шығып, қарсылық көрсеткен.  

Бізге балағат сөздер айтып қарсыласты. Сосын төбелес басталды. Басымнан екі соққы алып, құладым. Ерлан естен танып, басынан қан кетті.  

Қатты соққыдан есінен танып қалған Ерлан Нұрғалиев қазір Астанада ауруханада жатыр. Әлі есін жиған жоқ. Браконьерлер іздерін жасыру үшін GPS құрылғысы мен көлік кілтін алып қашыпты. Қуғыншы түскенше, қаскөйлер 5 ақөбөкенді жайратып салған. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, іздестіру жүргізіліп жатыр. Былтыр Қазақстан бойынша 429 ақбөкен атылып, оған қатысты 77 іс қозғалыпты. Елде 2021 жылға дейін түз тағысын атуға мараторий жарияланған. 

Қайыр РЫСКЕЛДИНОВ, ҚР АШМ, КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ: 

О жерде рация ұстамады, оның көлемі 60 км-ге дейін ұстайды және сотовый телефон да істемейді. Сондықтан, олар бір-біріне хабарласа алмай, мұндай оқиға болатынын білмей, төбелеске кіріскен. Біреуінің басынан қатты затпен - темірмен немесе монтировкамен ұрған.

А. Сейфулла