Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақ киносының анасы атанған актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланады

AstanaTV
15.01.2019ж. 20:00
3146
Қазақ киносының анасы атанған актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланады

Қазақ киносының анасы атанған актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланады. Бүгін Астанада мерейтойдың шымылдығы түрілді. Талантты әртіс 68 жыл бойы қазақ театрында 150-ге жуық рөлді сомдап, 20-дан астам фильмге түскен. Есімі ел есінде жатталған сахна саңлағының туғанына 8 наурызда 100 жыл толады. Мерейлі дата аясында әртіс ойнаған үздік фильмдер шетелдерде таныстырылады. 

Назира МУКУШЕВА, ҚАЗАҚСТАН КИНЕМАТОГРАФИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Қазір қаншама фильмдер түсіріліп жатыр. Қаншама комерциялық фильмдер бар. Жылына түсірілетін фильмдер саны көбейіп бара жатыр. Бірақ, қанша фильмдер түсіріліп жатса да Әмина Өмірзақованың кейіпкеріндей, меніңше, әйел кейіпкер, жалпы ана кейіпкер менің дәл қазір есіме түсіп тұрған жоқ.

У. Қабылтайұлы