$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ЖІӨ өсімі 4,1%

AstanaTV
15.01.2019ж. 20:00
5328
ЖІӨ өсімі 4,1%

Елімізде былтыр Жалпы ішкі өнім өсімі 4,1 пайызды құрады. Бүгін Ұлттық экономика министрлігі алдын ала дерекпен бөлісті. Қай салаларда өсім барын әзірге ашып айтпай отыр. Ал, бас қаржы ретеуші базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады. Ұлттық Банк төрағасы ставканың өзгеріссіз қалуы инфлияцияға байланысты, яғни, былтыр аса қымбатшылық болмағаны әсер етті дейді. Мәселен, азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі бір жыл бұрынғы 6,5%-бен салыстырғанда 5,1%-ды, азық-түлікке жатпайтын тұтыну заттары бойынша 8,9%-бен салыстырғанда 6,4%-ды құрады. Ақылы қызметтер 4,5%-ға қымбаттады, ал 2017 жылы оның өсімі 5,9% болған еді.  

Ал, халыққа несие беру өткен жылы 24 пайызға артып, 2,4 трлн. теңгеге жеткен. Данияр Ақышев базалық мөлшерлемені ішкі қаржы нарығындағы тұрақтылық пен ақша-кредит саясатын қатаң бақылау арқылы ұстап тұру мүмкіндігі барын айтты. Сөйтіп 2020 жылдың соңына қарай 4%-дық инфляцияға жету мақсаты көзделген.  

Данияр АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ: 

Мұнайдың бағасы алдыңғы жылғы қазан-желтоқсанда соңғы бір жарым жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті. Өткен аптаның соңында бір баррель үшін 60 АҚШ долларына дейін жоғарылады. Сонымен қатар, сыртқы инфляция да күшейді. Негізгі сауда әріптес ретінде Ресейдегі нақты жылдық инфляция 4% болып отыр. Осындай құбылмалықтарға қармастан біз базалық мөлшерлемені сақтап қалуға тырысып отырмыз.

Р. Асқарбекұлы