$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атыраудағы балықтар аммиакқа уланып өлген

AstanaTV
15.01.2019ж. 20:00
4140
Атыраудағы балықтар аммиакқа уланып өлген

Атырауда қырылған балықтар аммиакқа уланған. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты сараптамалық зерттеу нәтижесі осындай қортынды шығарды.   

Қадырбек ИСҚАЛИЕВ, АШМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің зертханалық тексеру нәтижесі негізінде балықтардың өліміне аммиакқа улану әсері себеп болған. Атырау облысы бойынша экология департаменті су сапасы көрсеткішін тексеру барысында Жайық өзенінде хлорид көрсеткіші мөлшерден артық екенін анықтады. Қазір Жайық өзенін ластаушыны анықтау үшін күш салынуда.

Қадырбек Исқалиевтың айтуынша, «Жайық -Атырау» балық өсіру зауытында 175 аналық бекіре өліп қалған. Ал, «Луговой жылқы зауытында» мұз астынан шығарылған бекіренің көлемі 100 тоннаға жетіпті. Жайық өзенінен 4 тоннадан астам өлексе жиналған еді. Ал, мұз астында қалғандары күн жылығанда жиналмақ. Балықтардың қырылу себебін анықтау үшін әкімдік қосымша ихтио-патологиялық зерттеу жүргізуді қаржыландырмақ. Дегенмен, Жайық өзенін ластаушы мекеме әлі күнге белгісіз. Аймақта бекіре желтоқсан айында жаппай қырылып қалды.  

Б. Нәдірқызы