$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елде 9 айлық балаға қызылшаға қарсы вакцина салуға рұқсат берілді

AstanaTV
17.01.2019ж. 20:00
2780
Елде 9 айлық балаға қызылшаға қарсы вакцина салуға рұқсат берілді

Елде қызылшаның ушығуына байланысты балаларды ертерек егу ұсынылып отыр. Бас санитар сырқатқа қарсы вакцинаны 9 айдан бастап салуға рұқсат берді. Биыл ел бойынша 600-ге жуық адам қызылша жұқтырған. Ауруға шалдыққандар саны былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Олардың 60 пайызы 1 жасқа толмаған балалар көрінеді. Енді алдын алу үшін екпені ертерек салуға рұқсат берілмек. Инфекцияның қаупі әсіресе Астанада сейілмей тұр. Мұнда 500-ге жуық адам жұқпалы дертке шалдыққан. 

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Көбінесе 12 айға жетпей, 6,7,8 айда ауырып жатыр. Сондықтан, біз арнайы шара қабылдадық. Ең көп тіркеліп жатқан аймақтар - Астана, Алматы, Атырау, Шымкент қаласы және Ақмола облысы.

А. Бектас