$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Ордабасы» футбол клубы электронды саудада 5,5 млрд теңгеге сатылды

AstanaTV
08.11.2017ж. 20:00
2534
«Ордабасы» футбол клубы электронды саудада 5,5 млрд теңгеге сатылды

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы сатылды. Электронды сауда-саттық арқылы саудаланған нысан құны 5 жарым млрд теңге. Бұл ақпарат gosreestr.kz сайтында жарияланды. Облыстық қаржы басқармасы өкілінің ақпарынша, клуб кейіннен сатып алу құқығымен 10 жылға сенімгерлік басқаруға беріліп отыр. Тек содан соң ғана жаңа қожайын  тиісті соманы төлеп, сатып ала алады. Оған дейінгі аралықта жаңа қожайын «Ордабасыны» қаржыландыруға 120 млн теңге құя отырып, барлық жұмыс орындарын сақтап қалуға міндетті. Нысанның бастапқы бағасы 248 млн 983 мың теңге болған. Алайда облыстық қаржы басқармасының басшылығы бұл саудаға қатысты сұхбат бермеді. Жаңа қожайын кім болғаны жайлы да жақ ашпады.

Айта кетейік, Шымкенттің намысын жасыл алаңда қорғап жүрген команданың ойыншылары жуырда ғана қола медальды қанжығаға байлады. Дәл қазіргі уақытта ұжым кезекті еңбек демалысында. Алда оларды жаңа маусым күтіп тұр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ