«Алматы-Өскемен» тас жолында кептеліп қалған автокөліктер 1 тәуліктен артық уақыт өткен соң ғана қар құрсауынан шығарылды. Ал, бұған дейін эвакуацияланған жолаушылар өз машиналарына жеткізілді. Қазір республикалық маңызы бар трасса барлық көлік түрлері үшін ашық. Алайда, жол тазалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, зардап шеккен ешкім жоқ. Демалыс күндері 231 көлік пен 700 жолаушы автотрассада қалып қойған еді. Олар жел күшейетіні жөнінде таратылған смс-хабарламаны елеместен алыс жолға шыққан. Жедел штаб құрылып, 15 сағаттан кейін жолаушылар құтқарыла бастады. Жолда қалғандарға маңайдағы ауылдың тұрғындары да көмектескен. Бұл аймақта бұрқасын әлі сақтала ма? Ертеңгі ауа райымен Арай Кенжина таныстырып өтсін.
Д. Қайыртай