Негізгі / Жаңалықтар / Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды

Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды

Шымкентте жаңа әкім. Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен қалаға басшы болып тағайындалды.

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында «Еңбек» компаниясының бас директоры болып бастаған ол бірқатар басшылық қызметтердің тізгінін ұстаған. Бұған дейін ол Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалған елу жастағы Нұрлан Сауранбаевты қала активіне таныстырған облыс басшысы оның жұмысына сәттілік тіледі.