Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ел тарихында тұңғыш рет жастарға жүйелі қолдау болады - М.Әшімбаев

AstanaTV
23.01.2019ж. 20:00
2942
Ел тарихында тұңғыш рет жастарға жүйелі қолдау болады - М.Әшімбаев

Талғамы биік, талабы зор көшбасшылардың кезеңі келді. Бүгін салтанатты түрде бастау алған «Жастар жылы» туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ , «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Енді осы кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруда Елбасы «Нұр Отан» партиясына үлкен сенім артып отыр. Біздің Жастар қанатымыз «Жас Отанға» сенім артып отыр. Сондықтан, Елбасының бастамаларын жүзеге асыруда біздің партиямыз үлкен рөл ойнайтын болады.

Ал, еріктілер «ұйымға қаржылық қолдау көрсету - жаңа бағытқа жол ашады» деп сенеді. 

Дәулет КӘРІБЕК, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ XАТШЫСЫ:  

Бұндай қадамдар баяғы «Асар», «Жылу» сияқты қазақтың ескі дәстүрінің тірілуіне және жастардың арасында жаңа форматта іске асуына бастама болады деп ойлаймын.

Ерсайын АМРИН, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ «САНА» БАҒЫТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: 

Шалғайдағы ауылдарда білімге құштарлық өте көп. Алайда, олар үлкен университеттерге бара алмайды. Сол себептен бұл оларға жасалып отырған үлкен мүмкіндік. Әлемнің алпауыт университеттерін біріктіретін бұл жоба Қазақстанға келіп жетті. Осыған мен өте қатты қуаныштымын.

А. Бектас