$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астана көшелеріндегі бейнебақылау камераларының саны 30 мыңға ұлғаяды

AstanaTV
24.01.2019ж. 20:00
2714
Астана көшелеріндегі бейнебақылау камераларының саны 30 мыңға ұлғаяды

Енді Астана тұрғындарының қауіпсіздігі жіті бақылауда болады. Ол үшін қалада орнатылған бейнебақылау камералары 6 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайтылмақ. Бұл туралы іКөмек қалалық бірыңғай байланыс орталығының мамандары мәлімдеді. Бейнебақылау камералары кісі қарасы көп болатын жерлерде ғана емес, тіпті үйдің кіреберістері мен мектеп аулаларына дейін орнатылады.  

Ақан НҰРҒОЖИН, iKOMEK БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:  

Қоғамдық жерлерде темекі шегу, немесе спирттік ішімдіктерді ішу сондай көбінесе құқық бұзушылықтар анықталады. Жанағы ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Н. Біләл