Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

26 қаңтардан бастап елде үш жол ақылы болмақ

AstanaTV
24.01.2019ж. 20:00
2004
26 қаңтардан бастап елде үш жол ақылы болмақ

26 қаңтардан бастап елде үш жол ақылы болмақ. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлімдеді. «Астана-Теміртау» жолы 400 теңге, «Алматы-Қапшағай» 200 болса, ал «Алматы–Қорғас» тас жолы 600 теңге болып белгіленген. Ал, осы жолдарға қарасты елді мекендердегі тұрғындар үшін оның ақысы жылына 1000 теңгені құрайды. Сондай-ақ, алдын-ала төлемдер де жасауға болады. Оны мобильді қосымша арқылы төлеуге жағдай жасалған. Сондай-ақ, интернет банкинг пен ұялы телефонның бірлігімен төлеуге де болады. Жүк көліктер мен автобустардың кіру ақысы да белгілі болды. Мысалға, автобустар үшін ақы 700-ден 4400 теңгеге дейін. Ал, ауыр жүк тасымайлдайтын көліктер салмағына қарай 2700-ден 7350 теңгеге дейін төлейтін болады.  

Д. Сапарқызы