Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақ Үй төтенше жағдай жариялау туралы декларация дайындады

AstanaTV
25.01.2019ж. 20:00
2596
Ақ Үй төтенше жағдай жариялау туралы декларация дайындады

АҚШ-та «шатдаунға» қатысты төтенше жағдай жарияланбақ. Осыған орай Ақ Үй декларация жобасын дайындаған. Бұл туралы CNN арнасы хабарлады. Трамп елде төтенше жағдай енгізсе, Ақ Үй шекарадағы қорған құрылысына 7 миллиард доллар бөледі. Осылайша, Америка басшысы конгресті айналып өтіп, қабырға құрылысын қаржыландырмақ. Бұған дейін ол Конгреспен ортақ келісімге келмесе, елде төтенше жағдай жариялауға толық құқығы бар екенін айтқан. Соған қарамастан, келіссөз жүргізуді қалады. Есте салайық, 22 желтоқсанда АҚШ-та Үкімет жұмысын тоқтатты. 800 мың мемлекеттік қызметкер жалақысыз қалды. Ал, Трамп Давостағы дүниежүзілік форумға қатыспады. Тіпті, экономикалық жиында болған америкалық делегация да Трампты «шатдаунды» тоқтатуға шақырып отыр.   

Кеннет ГОЛДМАН, «HILLSPIRE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Білесіздер, бұл жағдай күнделікті қарапайым жұмыс істеп жүрген адамдар үшін қиынға соғып отыр. Ал, мемлекеттік қызметкерлер қанша уақыттан бері жалақы алмай келеді. Сондықтан Үкімет жұмысын жалғастыруы қажет.

Елдегі «шатдауннан» Трамптың рейтингі төмендеп барады. «Politico» басылымының дерегінше, оның бұл әрекетіне халықтың 50 пайызы наразылық көрсеткен.  

А. Бектас