Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Биылғы жылдың соңында елде ядролық отын зауыты іске қосылмақ

AstanaTV
25.01.2019ж. 20:00
2911
Биылғы жылдың соңында елде ядролық отын зауыты іске қосылмақ

Биылғы жылдың соңында елде ядролық отын зауыты іске қосылмақ. Ол қытайлық «General Nuclear Power Corporation» корпорациясының атом электростансалары үшін салынады. Қазақстандағы ең ауқымды жобаның құны 85 млн доллар. Бұл туралы арнамызға эксклюзивті сұхбат берген «Үлбі – ТВС» қазақ-қытай бірлескен кәсіпорнының бас директоры Владимир Вахтенко мәлімдеді. Аталған өндіріс Өскемендегі Үлбі Металлургиялық зауыты жанынан бой көтереді. Шығарылған барлық өнім Қытайға экспортталмақ.  

ВЛАДИМИР ВАХТЕНКО, «ҮЛБІ-ТВС» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:  

Қытайлық әріптестеріміздің бұл жобаға үлкен үміт арту себебі, ол мемлекетте отын өндірісімен айналысатын зауыт жоқ. Ал, біз өз кезегімізде бірнеше жылдар бойы Қытайға өз өнімдерімізді үздіксіз тасымалдап отырдық. Сондықтан арада сенім бар. Бұған дейінгі келісім-шарттар толығымен және жоғарғы деңгейде орындалған болатын. Технологиялық және ауқымы жағынан аталған жоба екі ел арасындағы ең ірі жоба.  

Зауыт іске қосылған соң жылына 200 тонна уран өндіреді. Ол отын таблеткасы түрінде шығарылады. Зауытта 130 жұмыс орны ашылмақ. Қазір мамандар жұмысқа қабылданып жатыр.  

Н. Біләл