Ал, Қостанайдағы көлік құрастыру зауытында кадр тапшы. «Өндірістің өркендеуіне байланысты екі жүзге тарта маман керек»- дейді кәсіпорын өкілдері. Қазір зауытта мыңнан астам еңбек күші бар. Солардың көбісі кәсіпорын қабырғасындағы оқыту орталығында даярлықтан өткен. Десек те, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты соңғы үлгідегі желілер тілін жетік білетін жұмысшылар жетіспей жатыр. Әсіресе, дәнекерлеу, сырлау, бояу цехтары мен құрастыру бөлімдеріне мамандар қажет. Бүгін аумақта «машина жасаушылар» форумы өтті. Онда білім іздеп көрші елдерге кететін жастарды жұмысқа тарту керектігі айтылды.
Әділ ШАЙКЕМЕЛОВ, «САРЫАРҚА КӨЛІК ӨНЕРКӘСІБІ» ЖШС ӨНДІРІС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бояу жағынан, дәнекерлеушілер сонан кейін лак бояу, химия жағынан білетін мамандар қажет. Мысалы, құрастыру цехында слесарьлар дейді. Жалпы көлік жинау, көліктің құрылысын білу өте маңызды. Сондай мамандар қажет боп тұр.
З. Санай