Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қорықшы Е.Нұрғалиевті ауылдастары «Халық қаһарманы» атағына ұсынды

AstanaTV
30.01.2019ж. 20:00
3594
Қорықшы Е.Нұрғалиевті ауылдастары «Халық қаһарманы» атағына ұсынды

Браконьерлер қолынан қаза тапқан табиғат инспекторы Ерлан Нұрғалиевті ауылдастары мен әріптестері «Халық қаһарманы» атағына ұсынып отыр. Бүгін олар Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады. Хатқа мыңнан аса адам қол қойған. Ал, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарларды қорғау жолында опат болған қорықшыны «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасына ұсынған еді. Оқыс оқиға кезінде бірге болған серігі Петр Ницык те осы атаққа ие болуы мүмкін. Айта кетейік, қорықшы Ерлан Нұрғалиев тірі болғанда бүгін 53 жасқа толар еді.  

Ғалымжан ТӘУКЕЛОВ, МАРҚҰМ Е.НҰРҒАЛИЕВТІҢ ЖАҚЫН ДОСЫ: 

Марқұм досымыздың ерлігі лайықты түрде бағаланғанын қалаймыз. Ол мемлекет байлығын қорғады. Мемлекет басшысының өзі бір сөзінде «Ата-бабамыздан мұра болып қалған бар байлықты сақтап, көбейтіп, ұрпақтарға аманат етуіміз керек» деген еді. Біздің буын дәл осылай тәрбиеленген еді. Ендігі буын Ерлан Нұрғалиевтің халқына деген қаһармандық үлгісінен өнеге алуы керек.

Д. Қайыртай