Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оралдық инспекторлар браконьерлерден 1 млрд теңге өндіріп ала алмай отыр

AstanaTV
01.02.2019ж. 20:00
2279
Оралдық инспекторлар браконьерлерден 1 млрд теңге өндіріп ала алмай отыр

Оралдық инспекторлар киік мүйізін сатушылардан 1 миллиард теңге өндіре алмай отыр. «Заңдағы солқылдақтықтың кесірінен браконьерлер жазадан құтылып кетеді» - дейді мамандар. Ал, сот мемлекеттік органдардың шағымын қанағаттандырмайды. Мысалы, былтырдың өзінде заңсыз киік аулаған 43 оқиға тіркелгенімен, сотқа соның тек тең жарымы жеткен. Келген шығын - 360 млн теңге. Бірақ, соның тек 6 миллионы өндірілген. Үш жылдан бері осылай өндірілмей қалған қаржы қордаланып, бүгінде 1 миллиард теңгеге жеткен. Өйткені, инспекторларға браконьерлердің қылмысын дәлелдеу қиын. Ұсталған жерден қаруы табылмаса, дәлел жоқ деп саналады. Дағдарған инспекторлар енді Парламент Мәжілісінің депутаттары мен салалық мекемеге осы мәселені шешу үшін хат жолдаған.  

Арман ІЗІМҒАЛИЕВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: 

Браконьерлер тек қана шектеу жазасын алып, қылмыстық жолмен тауып жатқан ақшаларын, жаңағыдай істерін тоқтатпай отыр. 2016-2018 жылдар аралығында бір браконьер бірнеше рет ұсталған болатын. Жаза тек шектеу жазасымен құтылып жатыр. Ал, жануарлар әлеміне келген залалды сот органдары қанағаттандырусыз қалдыра береді.

Е. Карин