Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өскемендік дәрігер-стамотолог мемлекеттік тілді оқытатын мектеп ашты

AstanaTV
01.02.2019ж. 20:00
3116
Өскемендік дәрігер-стамотолог мемлекеттік тілді оқытатын мектеп ашты

48 сағатта қазақша сөйле! Өскемендік дәрігер-стамотолог мемлекеттік тілді оқытатын мектеп ашты. Тілді ерекше әдіспен үйрететін орталық шәкірттері екі-үш дәрістен кейін-ақ қазақша сайрай бастапты. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлжан Есімжанова оқу тәсілін қысқа мерзімге арнап жасаған. Орталық басшысы Ярослав Кушнарев қазақ тілі мектебін ашуды бұрыннан жоспарлапты. Тіл үйренгісі келетіндердің ортақ проблемасы - уақыт тапшылығы екенін түсініп, ерекше әдіс қолданатын мұғалімді жұмысқа шақырған.  

Гүлжан ЕСІМЖАНОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: 

Бір сабақта 40 сөз береміз де, соны коммуникативтік минимумда қайта-қайта қарастырамыз. Сөйлейміз сондықтан да. Бүгін сабақ өтті ме? Мысалы, сауда орталығында. Бұл кісілер сауда орталығына барғанда практика жүзінде осы сөздерді қолдану керек. Ертесіне маған келіп соны қайтадан айтады.

Юля Мурашкина қазақ тілін бұрыннан үйренгісі келген. Алайда, уақыт тапшы. Бүгінге дейін тіл оқытатын ыңғайлы орталықты көп іздеген. Жеке қабылдайтын мұғалімдердің сағаты қымбат. Қазір оқып жатқан мектеп көңілінен шығады. Мемлекеттік тілді лезде меңгерген.  

Юлия МУРАШКИНА, ИНЖЕНЕР: 

Қазақ тілін тез-ақ түсініп кеттім. Жұмыста да әріптестеріммен тек қазақша сөйлесіп, қазақша хат жазысуға тырысамын. Қиындық туып жатқан жоқ.

А. Сейфулла