Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылжардың белсенділері: Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жеңіл қабылданады

AstanaTV
06.11.2017ж. 20:00
1983
Қызылжардың белсенділері: Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жеңіл қабылданады

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жеңіл қабылданады. Бұл қызылжарлық қоғамдық бірлестіктердің пікірі. Бүгін "Нұр Отан" партиясының мүшелері үкіметтік емес ұйымдармен кездесіп, Елбасының соңғы жолдауын және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады. Қаланың бастауыш партия ұйымдары жазудың жаңа нұсқасын бірауыздан қолдап отыр. Себебі осының арқасында Қазақстан әлемнің алпауыт елдеріне жақындай түседі, дейді олар. Қоғамдық ұйымдар түркиялықтарды мысалға келтіреді. Латын жазуын грамматикаға енгізген мұсылман елінің бүгінде Еуропалық мемлекеттермен терезесі тең болып отыр. Қазақ елі де осы бағыттан тартынбауы тиіс, деп санайды үкіметтік емес ұйымдар.

Шәрбат Таймуллина, «Білім» бастауыш  партия ұйымының төрайымы:

Латын әліпбиін өзім қарадым. Содан кейін өзім жазғым келіп, оқығып келіп, сондай өзіме ынтыққандық білдірді. Неге десеңіздер, кейбіреулерде ол қиын, қалай көшеміз деген сұрақтар туындап жатыр. Мен ол кісілерге, жалпы қазақстандықтарға айтпағым, ол өте жақсы болады, оған көшуді қиынсынбау керек. Келешекте, мысалы, ағылшын тілін оқыған балалар үшін ол өте пайдалы да, өте жеңіл де.