Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Балалар отырған автобус аударылып, 7 адам қаза тапты

AstanaTV
04.02.2019ж. 20:00
2054
Балалар отырған автобус аударылып, 7 адам қаза тапты

Ресейдің Калуга қаласының түбіндегі 7 адамның өліміне автобустың ескілігі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы тергеу комитеті мәлімдеді. Өйткені, сарапшылар көліктің техникалық жағдайы сын көтермейді деп отыр. Автобус 30 жыл қолданыста болып, 900 мың шақырым жүріп өткен. Ресейдің тергеу комитеті қылмыстық іс қозғап, жолаушылар тасымалымен айналысатын компания директоры мен автобус жүргізушісін уақытша қамауға алды. Естеріңізге сала кетейін, би фестивальіне ата-аналарымен бірге сапарлап шыққан 25 баланың 4-і көз жұмып, 3 ересек оқиға орнында тіл тарпай кеткен. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Н. Біләл