$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда тіс дәрігерлік мекемелерінде тазалық сақталмайды

AstanaTV
04.02.2019ж. 20:00
3280
Алматыда тіс дәрігерлік мекемелерінде тазалық сақталмайды

Стоматологияда сақ болған жөн. Алматылық санитарлар тіс емдеу мекемелеріндегі біраз былықтың бетін ашты. Қызметкерлердің медициналық кітапшасы жоқ, ал қолданылған құралдары залалсыздандырылмайтын болып шыққан. Тұтынушылар неге шағымданған? Заңбұзушылықтар туралы Ришат Асқарбекұлы баяндайды.  

Ғабит Мағзұмов Алматыға жақын елді мекендердің бірінде тұрады. Азу тісі ауырып, қаладағы емханалардың бірінде ем алыпты. Алайда, тістерін емдетуге қомақты қаржы жұмсағанымен, көрсетілген қызметке көңілі толмайды.    

Ғабит МАҒЗҰМОВ, АЛАМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бір тісімді жұлды, екі тісіме пломба салды. Үш айдан кейін екеуі де түсіп қалды. Бір тіс жұлғанға 10 мың теңге, ал пломбаны 13-14 мыңнан салдырған едім.

Санитар дәрігерлер жақында қаладағы тіс емдеу мекемелеріне жүргізген тексерудің қортындыларын жария етті. Барлығын тексеруге мараторий кедергі. Тек өткен жылғы тұтынушылар шағымынан соң ғана 23 клиниканы сүзгіден өткізген. Оның 20-сы санитарлық талаптарды сақталмаған.   

Әнел МҰСАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Арыз-шағымдар түсті. Медбикелер гепатиттік маркерларға өтпеген кітапшасында көрсетілмеген, стерильдік жұмыстар, дезинфекция жоқ. Зертханалық зертеулерде ауаны алғанда, онда санитарлық талаптар бойынша неше түрлі грибтар нормадан жоғары болды. Жұмыскерлердің медициналық кітапшалары болмады.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бұл мекемелерден сот арқылы 800 мың теңгеге жуық айыппұл өндірген. Ал, стомотологтар қауымдастығының президенті қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің «қара» тізіміне ілінген клиникалардың арасында ірі мекемлердің де жүргеніне таң. Әдетте қателіктерді шағын тіс емдей клиникалары жіберетін көрінеді.  

Назым БЕКТҰРҒАНОВ, ҚАЗАҚСТАН СТОМАТОЛОГТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Жалдайтын бөлмесінен бастап, қолданатын материалына дейін тіс дәрігерлерінің сұрайтын бағасына әсер етеді. Бұл салада даму бар, тиісінше қолданылатын материалдар сырт елдерден келеді. Еуропалық қондырғыларда жұмыс жасайтын сапалы клиникалардың қызмет құны бір тіс үшін 30 мыңнан 150 мың теңгеге дейін жетеді. Ал, шағын мекемелерде баға арзан, есесіне қызмет те сапасыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ: 

Елде 2800 стоматологиялық клиника тіркелген. Жергілікті жерлерде тіс дәрігерлері үшін рұқсатты әкімдіктер береді. Қауымдастық президенті тіс техниктері, емдейтін мамандардың жоғары білімі жоқтығына қарамастан лицензия берудің кесірінен адам өміріне қауіп жиіледі деп отыр. Айта кетейік, Қарағандыда өткен жылы 2 жасар баланың өліміне осындай дәрігерлердің біліксіздігі себеп болған деген күдік бар. Қазір аталған іс бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Р. Асқарбекұлы