Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ұлттық Банктің «Delta Bank» туралы мәлімдемесі

AstanaTV
06.11.2017ж. 20:00
1975
Ұлттық Банктің «Delta Bank» туралы мәлімдемесі

«Delta Bank» тәуекелдерді басқарудағы кемшіліктердің кесірінен лицензиясынан айырылды. Сондықтан бас банк оның қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сотқа жүгінбек. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың бұл мәлімдемесі ресми сайтта жарияланды. Оның айтуынша, қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы мен сапалы кепілмен қамтамасыз етілмеген займдарды беру - мерзімінде төленбеген берешектердің өсуіне әкелген.

Қазан айында мерзімі өтіп кеткен қарыздар банктің несие портфелінің 99,7 пайызын құраған. Ол шамамен 315 млрд теңге. Ал банкті лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған кезде банктің корреспонденттік есепшоттарында және кассасында қалған ақша 215,1 млн теңгені құраған. Ал дәл осы кездегі депозиторлар мен кредиторлар алдындағы өтеу мерзімі өтіп кеткен міндеттеме сомасы шамамен 79,8 млрд теңге болған. Ұлттық банк төрағасының орынбасары қаржылық қиындықтарды банк менеджерлері мен акционерлеріне ескерткендерін айтады. Алайда қаржылай қолдау көрсетілмеген.