Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан сыртқа 5 млрд $ қарыз берген

AstanaTV
06.11.2017ж. 20:00
2308
Қазақстан сыртқа 5 млрд $ қарыз берген

Қазақстан сыртқа 5 млрд доллардан артық қарыз берген. Оның тең жартысы уақытында қайтарылмай отыр. Валюталық операцияларды іске асыратын Ұлттық банк осындай мәлімет таратты. Ал депутат Омархан Өксікбаев долларды оңды-солды шашуға қарсы. Және бұдан былай валюталық операцияларды бақылау тетігін Үкіметке қайтару қажет деп есептейді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Ұлттық Банк - осы валюталық операциялардың операторы. Ол өзі қатысып отырған. Ал енді бақылауды да соған бердік. Неге Үкімет осыдан алысқа кетіп қалғаны, маған үлкен сұрақ, және осы мәселені шешетін кез келген сияқты.

Бүгін Мәжілісте мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жетілдіру мәселесі қаралды. Министрдің мәліметінше, былтыр Ішкі қаржылық аудит комитетінің жоспарлы тексерулер саны 10 есеге, ал 2017 жылы 18 есеге азайтылды. Дегенмен биыл жыл басынан бері тексерілген 1,4 трлн теңгенің 40% дұрыс жұмсалмағаны анықталған.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Осы кемшіліктер рәсімдік емес, олардың 43% - қаржылық сәйкессіздіктер. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдарға қарағанда 2 есеге артты. Жұмыс тиімділігі жойылған бұзушылықтардың ұлғаюынан да көрініп отыр. Егер 2015 жылы бір тексерушіге келетін жою 285 млн теңгені құраса, ағымдағы жылы бір аудитор 0,5 млрд теңгені  жойды. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ