Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

100 қазақстандық кәсіпорында робот-шаңсорғыштар қызмет етпек

AstanaTV
05.02.2019ж. 20:00
4361
100 қазақстандық кәсіпорында робот-шаңсорғыштар қызмет етпек

Қазақстанда робот-шаңсорғыштар өндіріле бастайды. Жақында оның 100-ге жуығы қазақстандық кәсіпорындардың еденін жууға кіріспек. Бұл туралы Астана әуежайында өткен автономды роботтың тұсаукесерінде мәлім болды. Жобаны «Тех Гарден» дербес кластеріне қарасты компания жүзеге асырып отыр. Бұл роботтардың алғашқысын жақын арада Назарбаев халықаралық әуежайынан көруге болады. Әлішер Өмірзақ жалғастырады.  

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:  

Бұл робот-шаңсорғыштың аты «Номад». Өзіндік интеллекті бар. Қуат көзінсіз 1 жарым 2 сағат көлемінде жұмыс жасайды. Робот десе үреймен қарайтынымыз бар. Дегенмен, бұл робот шаңсорғыштарда арнайы өзіндік датчиктері орналасқан. Сондықтан сізді соғып кету ықтималдылығы нөлге тең.

Робот-шаңсорғыштардың санын көбейту үшін Алматыда зауаттың құрылысы басталғалы отыр. Үлкен ғимараттардың еденін жууға арналған бір ғана робот екі қызметкердің орнын алмастыра алады.   

Николай ПОТТАПОВ, ЖОБА АВТОРЫНЫҢ БІРІ: 

Бұл заманауи технология адамның жұмысын жеңілдетуге негізделген. Қазір көріп тұрғандарыңыз прототиптері Якутияда құрастырылған. Алматыда зауыт құрылысы аяқталғасын, әлемге «Қазақстанда жасалған» деген атпен робот-шаңсорғыштарды экспорттайтын боламыз.

Оның құны 2 жарым 3 миллионның айналасында болады. Қымбаттау болып естілгенімен, әлемдік нарықтағы өзгелерінен 4 есе арзан. Ерекшелігі де осы. Сондықтан шетелдіктер тарапынан сұраныс та көп.  

Қабылбай ӘЛІБЕК, «TECH GARDEN» АВТОНОМДЫ КЛАСТЕРЛІК ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Өндіріске шықпай тұрып шамамен 600-ге дейін роботқа тапсырыс бар. 500-ге жуығы Ресейден. 100-і өзіміздің ішкі нарықтан. Олар жекеменшік клининкалық компаниялар.

Алматыда арнайы зауыттың салынуы ұлттық институттардың ғылыми-техникалық базасын нығайтатыны анық. Әлемде заманауи технологияларға деген сұраныс жоғары. Сондықтан мұндай жобалардың ақталуы, ел экономикасын алға сүйреуші күш болуы әбден мүмкін.  

Ә. Өмірзақ