$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Сауд Арабиясында ханзадалар жемқорлық күдікке ілікті

AstanaTV
06.11.2017ж. 20:00
2105
Сауд Арабиясында ханзадалар жемқорлық күдікке ілікті

Сауда Арабиясының оңтүстігінде тікұшақ құлап, ханзада Мансур бен Мукрин қаза тапты. Al Arabia-ның хабарлауынша, бортта жоғары лауазымды тұлғалар да болған. Дәл осы күні Сауд Арабиясында 11 ханзада тұтқындалды. Олардың төртеуі қазір министр болса, қалғандары бұл қызметте бұрын болған. Рейтерстің хабарлауынша, ұсталғандардың арасында әлемдегі ең бай адамдары бірі - әл-Уалид бен Талал бар. Оның дүние-мүлкі 19 млрд долларға бағаланады.

Король Салман бен Абдул-Азиз жемқорлыққа қарсы комитет құрды. Бұл ведомство қаржылық құйтұрқылыққа жол бергендерді тергеп, тексеріп, есепшоттарын бұғаттауға қауқарлы. Бұл тұтқындаулармен қоса ұлттық гвардия басшысы, бұрынғы король Абдалланың ұлы Митеб ханзада да отставкаға жіберілді.

Ал қазіргі король Салман бен Абдул-Азиз Әл Сауд биліктегі бассыздықты тоқтататын жемқорлыққа қарсы ірі компания басталғанын хабарлады. Дегенмен қанша лауазымды тұлғаның тұтқындалғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Олардың аттары да жарияланбайды. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах