Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түркістан полицейлеріне 422 мың теңге тұратын массаж креслосы не үшін қажет болды?

AstanaTV
07.02.2019ж. 20:00
2806
Түркістан полицейлеріне 422 мың теңге тұратын массаж креслосы не үшін қажет болды?

Түркістан полицейлеріне 422 мың теңге тұратын массаж креслосы не үшін қажет болды? Облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл ішкі істер органы қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсетуге қажетті құрылғылардың бірі көрінеді. Былтыр 500-дей полицей психологтың көмегіне зәру болған. Сондықтан талапқа сай сатып алынған. Ал, массаж креслосының өзі конкурста көрсетілгендей 750 мың теңгеге емес, 422 мың теңгеге, яғни, арзанға сатып алынған көрінеді.  

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Полиция қызметкерлерінің жұмысы өте қиын. Сол себептен бұларға психологиялық көмек беру мақсатында жағдай жасалынып жатыр жан -жақты. Сол үшін психологтар штатын енгізген. Психологтың кабинеттері арнайы жабдықталуы керек. Оның ішінде біраз нәрсе көрсетілген, сонымен қатар массаждық кресло да бар.

Түркістанда массаж креслосының 422 мың теңгеге сатып алынғанын «Талап» қолданбалы зерттеулер институтының директоры Рақым Ошақбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу кезіндегі тым жоғары бағалар тендерлік жүйенің негізгі проблемасының бірі. Келісім-шарт құнының көтірілуі, жеткізілген тауарлар мен қызметтің сұранысқа сай болмауы да мемлекеттік сатып алудың көлеңкелі тұсының көптігін көрсетеді. Былтырғы конкурстардың 72 пайызында бәсекелестік мүлдем болмаған.  

Рақым ОШАҚБАЕВ, «ТАЛАП» ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Тағы бір мысал - мемлекеттік мекеменің бірі былтыр 29 млн теңгеге тапсырыс жасап, тендер ойнатқан. Сосын ондаған қосымша келісімдер қосып, соманы 5 млрд-қа бір-ақ жеткізген. Бірақ, тауар көлемі баяғыша. Бұл факт туралы құзырлы органдарға хабарладық.

А. Сейфулла