$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыдағы сенбілік жәрмеңке сынға ұшырады

AstanaTV
06.11.2017ж. 20:00
3315
Алматыдағы сенбілік жәрмеңке сынға ұшырады

Жәрмеңке жасанды ма?! Алматы тұрғындарының өткен сенбіде ұйымдастырылған азық-түлік жәрмеңкесіне көңілдері толмады. Олар, нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен деп, дабыл қаққан билік сөзінің шындыққа жанаспайтынын айтып отыр. Биыл ұйымдастырылған жәрмеңкеге Алматы облысының тауар өндірушілері тонналап тауар әкелген. Оған зейнет жасындағы Ибадулла ақсақал да асығып жеткен. Бірақ бағаның әр жерде әртүрлі құбылып тұрғанын айтады.

Ибадулла, қала тұрғыны:

Мына жерде 100 теңге деп жазып қойған. Ана жерден сұрасаң 150 теңге. Ол қандай сонда? Ешнәрсеге келіспейді ғой. Ана жерде 140-130 дейді. Ал мына жерде жазылғаны 100 теңге. Болмайды ғой олай. Кімді алдайды үйтіп?

Жәрмеңке болған күні бір ғана жағдай тіркелген. Осылай деген облыстық әкімдік өкілдері екі түрлі баға ұсынған жағдайда қала тұрғындары сол аудан жетекшісіне барып шағымданулары қажет деп кеңес берді.

Ғалыммұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

Картошканың келісі белгіленген 100 теңге емес, 110 теңгеден саудаланып жатыр деген хабар келіп түсті. Тура сол жерде мәселені оңтайлы шешіп, ескертпе берілді. Одан басқа бізге ешқандай шағым келіп түскен жоқ. Егер осындай әрекеттер орын алатын болса, жаңағы шаруа қожалығымен келісім шартымыз бұзылады. Және Алматы облысының ауылшаруашылық өңір екенін ескерсек, жәрмеңкедегі санаулы орындарға басқа да шаруа қожалықтары өздерінің өнімдерін өткізуге құштар. Сондықтан ол орынды басқа добросовестный саудагерге береміз.