Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қарағандыда зейнеткерлерге арналған «Белсенді өмір» орталығы ашылды

AstanaTV
08.02.2019ж. 20:00
3570
Қарағандыда зейнеткерлерге арналған «Белсенді өмір» орталығы ашылды

Қарағандыда зейнеткерлерге арналған «Белсенді өмір» орталығы ашылды. Онда қариялар мәдени- рухани, спорт клубтарына жазылып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Жаңа сауықтыру орны «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халықтары ассамблеясының облыстық филиалдарының бірлескен жобасы. Орталықта қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге болады. Сонымен бірге, кітапхана, демалыс, денсаулық залдары бар. Зейнеткерлер әсіресе гимнастикаға көп жазылыпты. Қариялармен жеке жаттықтырушы жұмыс істейді. Мұнымен қоса, психолог пен заңгер қызметі де ұсынылған. Ал, жас кездерінде өнерге уақыт таба алмаған шеберлер үшін қолөнер үйірмесі ашылды. Қазір кәсіби суретші әжелерге жүннен киіз суреттер жасауды үйретіп жатыр. Мұндай орталықтар Қазақстан халықтары ассамблеясының барлық филиалдарында ашылмақ.  

Нұрсахан БЕЙСЕМБЕКОВА, ЗЕЙНЕТКЕР: 

Шындығында да бұл бізге үлкен мүмкіндік береді. Өйткені, бұл жерде барлық жағдай жасалған. Яғни, денемізді шынықтыруға, яғни буындарымыздың ауырғанын дұрыстауға, біз де үлкен қарттар үлкен ағалар, апалар жастардан қалыспай өмірге құштарлығымызды көрсетуіміз керек.

Ерлан ҚҰСАЙЫН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Қарттарымыз көп жағдайда зейнетке шыққаннан кейін үйде отырып қалады. Төрт қабырғаға телміріп қалатын кездері аз емес. Сондықтан да осы біздің үлкен адамдардың өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануларына әртүрлі үйірмелер, бағыттар ұйымдастырылған.

А. Қуаш