Негізгі / Жаңалықтар / Ресми Мәскеу АҚШ-тың кіші және орташа қашықтыққа арналған зымырандарды жою туралы жаңа келісім-шарт жасау бастамасын қолдайды

Ресми Мәскеу АҚШ-тың кіші және орташа қашықтыққа арналған зымырандарды жою туралы жаңа келісім-шарт жасау бастамасын қолдайды

Ресми Мәскеу АҚШ-тың кіші және орташа қашықтыққа арналған зымырандарды жою туралы жаңа келісім-шарт жасау бастамасын қолдайды. Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков осылай мәлімдеді. Бірақ, Мәскеу бұл мәселеге қатысты бұдан да нақты ұсыныстар күтетінін айтады. Дипломатиялық ведомствоның лауазымды өкілі қолданыстағы шарттан Ресейдің бас тартқандары жөнінде ресми нотаны АҚШ-қа жолдағандарын айтты. Алайда, Вашингтон бұл дипломатиялық үндеуді елеусіз қалдырған. Естеріңізге салайық, АҚШ Президенті Дональд Трамп жақында Конгреске жасаған үндеуінде жаңа келісім-шарт жасалатынын мәлімдеген еді.   

Сергей РЯБКОВ, РФ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлбетте, Президент Трамптың мәлімдемесінен жаңа келісім-шарт жасау туралы тұспалды ойды байқадық. Оған «әдемі бөлмеде» қол қойылуы мүмкіндігін ымдап отыр. Келісімге басқа мемлекеттер мүше болуы керектігін де айтқысы келген. Енді біз бұл ұсыныстың тиісті қағазға жазылған немесе тұжырымдамалық схемасы бар келіссөздің басқаша жеткізілген нақты нұсқасын күтеміз.

Д. Қайыртай