$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте жеке үйлердің бірінде жарылыс болды

AstanaTV
11.02.2019ж. 20:00
2912
Шымкентте жеке үйлердің бірінде жарылыс болды

Шымкентте жеке үйлердің бірінде артилериялық снаряд жарылып, екі адам зардап шекті. Бірінің аяқ-қолы жұлынып кеткен. Оқыс оқиға бүгін таңғы оннан аса Забадам шағын ауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына келген полицейлер жарылыс болған үйді лезде қоршап тастаған. Әзірге жарылған заттың нақты не екенін ресми орындар айтпай отыр. Жергілікті тұрғындар құдды бомба жарылғандай қатты дауыс шыққанын айтады. Көршілердің айтуынша, шағын үйде жас отбасы тұрады. Жарылыс кезінде отанасы жұмыста болыпты. Ересек ұлы мектепте, тағы екі кішкентайы балабақшада екен.    

Келсек қан сорғалап жатыр. Аяқтан қан атқылап жатыр, байлап неғылдық қой, әйтеуір. Жедел жәрдем шақырдық, келді ғой. Болгаркамен кесіп отырған дейді анау бастырма астында ...  

Қазір 1984 жылғы және 1998 жылғы екі азамат ауруханада жатыр. Дәрігерлер бірінің жағдайы өте ауыр екенін айтты. Ол жансақтау бөлімінде. Екіншісіне де ота жасапты.  

Сәбит БАЙБОСЫНОВ, ШЫМКЕНТ қ. ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:  

1984 жылғы науқастың түскен кезде сол аяғының жарақаттан кейін ампутациясы, сол қолының жарақаттан кейінгі ампутация, сүйектерінің ашық сынуы, жарақат шогымен жедел түрде операция бөліміне алынды. Операция кезінде науқастың сол аяғының орта бөлігінен және сол қолының орта бөлігінен ампутация жасалып, операция бітті.

А. Төребекқызы