Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

В.Путин Татарстан басшысына екі рет ескерту жасады

AstanaTV
13.02.2019ж. 20:00
2078
В.Путин Татарстан басшысына екі рет ескерту жасады

Ал, Ресей Президенті Владимир Путин Татарстан басшысына бір дегенде екі рет ескерту жасап, ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Бұл «Тұрғын үй және қоршаған орта» жобасына қатысты мемлекеттік кеңес кезінде болған жайт деп хабарлайды «РиоНовости». Сұрақтарға жауап беріп жатқан Путин әріптесін әңгімеге тартқысы келеді. Бірақ, ол өзге біреумен сөйлесіп отырып, естімей қалады. Рустам Миннихановтың назарын аудару үшін Путин екі-үш рет сөзін қайталауға мәжбүр болды.  

Рустам знает, наверняка, да? Рустам Нургалиевич! Рустам Нургалиевич! Не отвлекайся, че ты! Не слушает нас. Практика хорошая. «Народный контроль», ты передай, пожалуйста, ладно? 

Бірнеше сағаттан кейін Путин мемлекеттік кеңес отырысында Татарстан Президентіне сөз бергісі келеді. Бір қызығы Минниханов сол мезетте залдан табылмады. Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметі оның іште болғанын мәлімдеді. Тіпті, микрафонға қарай беттегені туралы жазды.  

А. Сейфулла