Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Қазақстан фермерлер одағының» төрағасы Әуезхан Дарынов ұсталды

AstanaTV
14.02.2019ж. 20:00
3522
«Қазақстан фермерлер одағының» төрағасы Әуезхан Дарынов ұсталды

«Қазақстан фермерлер одағының» төрағасы Әуезхан Дарынов ұсталды. Астана қалалық полиция департаменті оған әйел зорлады деген айып таққан. Бұл туралы Одақтың баспасөз қызметі хабарлады. Белгілі фермер дүйсенбі күні қамауға алынған. Полицейлер оны саланы дамыту жөніндегі стратегиялық маңызды мәселе қаралып жатқан жиын ортасында ұстап әкеткен көрінеді. Ал, қалалық полиция департаменті әзірге бұл дерекке қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Әріптестері кәсіби, беделді ұйым құрған әрі үлгілі отағасының мұндай әрекетке баруы мүмкін емес деп отыр. Бүгінде 10 жыл бұрын құрылған қоғамдық бірлестікке 40 мың шаруа мүше. Одақ бүгін ауыл шаруашылығындағы мәселелерді көтеру үшін съез өткізуді жоспарлаған еді.  

Әбікен КӘРІБЖАНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Үлкен арандатушылық. Әр жағында басқа да мақсат-мүдде қаралып жатыр. Басынан аяғына дейін, таза арандатушылық деп есептеймін.

Г. Меңдеева