$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы жұртшылығы «Қара майорды» ақтық сапарға шығарып салды

AstanaTV
14.02.2019ж. 20:00
2296
Алматы жұртшылығы «Қара майорды» ақтық сапарға шығарып салды

Алматы жұртшылығы бүгін ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевты ақтық сапарға шығарып салды. «Қара майор» деген атпен танымал интернационалист- жауынгермен қоштасу үшін халық көп жиналды. Алматыдағы Армия үйінде туыстарына көңіл айтылып, жаназасы оқылды. Артынан «28 панфиловшылар» саябағындағы данқ алаңында қаралы жиын өтті. Бұрынғы қорғаныс министрі, Ауған-Кеңес соғысының қатысушысы Сәкен Жасұзақов, Ауған соғысының ардагерлері Бақытжан Ертаев пен Бақытбек Смағұловтар марқұм туралы естеліктерімен бөлісіп, сөз сөйледі.  

Бақытжан ЕРТАЕВ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ: 

Ол Ауған Панджшера деген жерде Достуммен соғысты тоқтатуға келісімін алған кісі. Батырлығы осы. Ол бұйрықты ойлай тұра сарбаздарының шығынын, амандығын ойлайтын. Сондықтан, оны солдаттары «Қара майорымыз» деп кеткен.

Борис Керімбаев Алматы маңындағы Қапшағай әскери гарнизонынан соғысқа аттанған. Ол 177 арнайы жасағының командирі ретінде ауған жерінде ұрысқа араласады. Қазақ офицерінің ерлігін қаруластары да, Кеңес әскерінің қолбасшылары да жоғары бағалайды. Әлі күнге дейін оның халықаралық қақтығыстағы ерлігін аңызға бергісіз етіп айтады. Қазақстан Генералдар бірлестігі соңғы жылдары «Қара майорды» Халық қаһарманы атағына ұсынғанымен, биліктен әлі қолдау тапқан жоқ.  

Р. Асқарбекұлы