«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында мұғалімдерді қолдаудың нақты тетіктері қарастырылмаған. Депутаттар осындай пікірде. Құжат бүгін «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңесте таныстырылды. Заң жобасын әзірлеген министрлік мұғалімдердің зейнет жасын еңбек еткен жылға қарап төмендету мүмкін емес. Себебі, педагог 25 жылда зейнетақы қорына лайықты ақша жинақтап үлгермейді деп есептейді. Мәжіліс депутаттары құжаттағы кейбір нормалар ескі заңды қайталайды деп, комиссия жұмысын сынға алды.
Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БІЛІМ БЕРУ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ПАРТИЯЛЫҚ КУРАТОРЫ:
Балабақшадағы тәрбиешілерді де енді педагог деуіміз керек. Заңға егер кіріп жатса. Және де бізде қосымша білім беру бойынша «вожатыйлар» бар. Ұйымдастырушылар бар. Олар да осы категорияға кіруі мүмкін. Және де олар әлеуметтік жағынан қалай қорғалады, олардың жалақысы қалай өзгеруі мүмкін, баспана мәселесі, жер мәселесі - учаскелер берілуі мүмкін бе?
Д. Қайыртай