Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қалдықтан пайда табатын дүкеннің айналымы 1,3 млн доллар

AstanaTV
16.02.2019ж. 20:00
2772
Қалдықтан пайда табатын дүкеннің айналымы 1,3 млн доллар

Кәсіпкерлікке байланысты сюжеттен кейін мына бизнес түрі туралы айтпай кете алмаймын. Стокгольмнің маңында ерекше супермаркет бар екен. "БиБиСи"-ң хабарлауынша, ондағы тауарлар дүкеннен алыс емес жерде орналасқан кәсіпорыннан тасылады. Ал кәсіпорын қалдықтарды қайта өңдейді. Жұрт әкеліп тапсырған керек емес заттар сортталады. Сосын бірден саудаға түседі немесе қайта өңделеді. Былтыр супермаркеттің айналымы 1,3 млн долларды құраған. Ал біз тұрмыстық қалдықты сорттап тастауға ерінеміз. Тіпті қоқыс жәшігіне жете алмай, подъездерге, көшеге лақтыра саламыз. Әйтеуір қалдық өңдей алмай жүрміз. Алдымен мидағы қоқысты тазалау керек-ау...