Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны қамалды

AstanaTV
18.02.2019ж. 20:00
2218
Ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны қамалды

Шымкентте ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны қамауға алынды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады. 27 жастағы сезіктіні ұстау кезінде айғақты заттар алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. Құқық қорғаушылар қылмыстың қандай мақсатта жасалғаны жайлы әзірге тіс жармай отыр.  

Әсел СӘДЕНОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:  

Күдікті өзінің жасаған қылмысын мойындады. Барлық айғақты заттар тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚК 99 бабы «адам өлтіру» бойынша әлі де жалғасып жатыр. Күдікті тұтқындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

Еске салайық, қанды қылмыс 6 ақпанға қараған түні жеке үйлердің бірінде болған. Ерлі-зайыптыларды түн ішінде өз үйінде өлтіріп кеткен еді. Қолда бар деректерге сүйенсек, қайтыс болған отбасы кәсіпкерлікпен айналысқан. Құрылыс компаниясына иелік еткен.  

А. Төребекқызы