Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Адам жүрегін тоқтататын қауіпті дәрі ел дәріханаларында әлі саудаланып жатыр

AstanaTV
18.02.2019ж. 20:00
34287
Адам жүрегін тоқтататын қауіпті дәрі ел дәріханаларында әлі саудаланып жатыр

Адам жүрегін тоқтататын қауіпті дәрі ел дәріханаларында әлі саудаланып жатыр. Ал, Денсаулық сақтау министрілігі бір апта бұрын «Эреспал» препаратын сатуға тыйым салған еді. Бронхиалды демікпеге қарсы дәріні әлемнің 32 елі 10 жылдан аса қолданып келді. Ал, сарапшылар: «Күдікті дәрілердің қаптауы - клиникалық зерттеудің аздығынан»,- дейді. Тараптарды тілші тыңдап қайтты.  

Препарат Астанада дәріханаларының басым бөлігінен алынып тасталған. Оны дәріханаларды аралау кезінде байқадық. Бірақ, кейбірінің сөрелерінде «Эреспал» дәрісі әлі де тұр. Фармацевт маман да сатудан бас тартпады.  

- Вам в таблетках? 

- Сироп.

- Он идёт сейчас на возврате.

- Если на возврате, почему ещё продают?

- Ну в аптеках ещё есть. Кто не успел вернуть.

Ал, Шымкент дәріханаларында қазір саудада болмағанымен, сатылып жатқанын жасырмады.  

- Нам пока ничего не говорили, ни приказов, ничего не было. 

- Не изымают из аптек «Эреспал»?

- Тоже нет. Сироп был. Таблеток давно не было. А сироп всё время был.

Ал, дәрігерлер оны науқастарға тағайындап жатқан жоқ. Оны алмастыратын дәрі жеткілікті деп отыр.   

Айжамал ТӨЛЕГЕНОВА, №13 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ТЕРАПЕВТ-ДӘРІГЕРІ: 

Медицинада басты, негізгі терапияда қолданған емеспіз. Сонымен қатар, бұл асқазан ішек жолдары ауруларының асқынуларына әкеледі. Тағы бір зияны орталық жүйке жүйесіне де әсер етеді. Бірақ, ең бірінші қаупі жүрек соғысын жоғарылатады. Ол дегеніміз жүректі тоқтатады. Жөтелге, қабынуға қарсы кез келген дәрі алмастыра алады.

Ал, сарапшылар клиникалық зерттеудің аздығынан елде күдікті дәрілердің қаптағанын айтады. Өндірушілер өз өнімін сатуды ғана көздейді. Сондықтан, жаппай нарыққа шығармас бұрын жан-жақты талдау жүргізуді ұсынды.  

Арай ТӨЛЕМІСОВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:  

Бес саусақ бірдей емес. Сол секілді адам ағзасы да әртүрлі. Егер, препарат адам азғасына кері әсер етіп, сатылымнан алынып жатса, демек кезінде бұл дәріге зерттеу аз жүргізілген. Өндірушілерге көбінесе өз өнімін саудаға қойса болды. Сол үшін оны өндірер кезде бірнеше зерттеу жүргізіліп, әр тараптың пікірі болуы шарт. Ол жерде дәрінің белгілі бір мерзімі көрсетілуі қажет.

«Эреспалдың» адам азғасына қаупі туралы өндірушілердің өзі анықтады. Ресейде құрамында фенспириді бар барлық препарат сатылымнан шықса, фармацевтикалық компаниялар 2,5 млрд рубль жылдық табысынан қағылмақ. Ал, Қазақстанда қанша препарат сатылымнан шығарылды? Әзірге министрлік жауап беруге асығар емес.  

А. Бектас