Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматылық көпбалалы отбасылар 2 пайызбен баспаналы бола алады - Б. Байбек

AstanaTV
20.02.2019ж. 20:00
3209
Алматылық көпбалалы отбасылар 2 пайызбен баспаналы бола алады - Б. Байбек

Енді Алматылық көпбалалы отбасылар 2 пайыздық ипотекамен баспаналы бола алады. Бұл туралы халық алдында есеп берген қала әкімі Бауыржан Байбек айтты. Оның сөзіне сүйенсек, көпбалалы және толық емес отбасыларға арнап арнайы «Бақытты отбасы» бағдарламасы қолға алынбақ.  

Бауыржан БАЙБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Алғашқы жарнаны төлей алмайтын 1276 көпбалалы және жалғызбасты отбасы тұр. Яғни, бұл санаттағы тұрғындарды жалпы кезектен бөліп алып, жеке көмектесетін боламыз. Нақты айтсақ, алғашқы жарна пәтер құнының 10 пайызын құрайды. Несие 2 процентпен 18 жылға берілетін болады. Ал, алғашқы жарнаны төлеу үшін 1 миллион теңге соммасында тұрғын үй сертификатын қала бюджеті есебінен қосымша бермекпіз. Мұндай қаржыға құны 15 миллион теңгеден аспайтын жаңадан салынған үйлердің шағын көлемді пәтерлерін сатып алуға болады.

Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасыда тәрбиеленіп отырған үздік оқушылар мен студенттерге стипендия беру де көзделген. Яғни, колледж, университет білімгерлеріне 10 мың, мектеп оқушыларына 5 мың теңге көлемінде қаржылай көмек жасалмақ. Одан бөлек балабақшаға баратын балаларға жеңілдік қарастырылады.  

О. Нұржақып