Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елімізде шыбын-шіркейлерді улаумен айналысатын орталықтардың жұмысы қадағаланбайды - Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

AstanaTV
22.02.2019ж. 20:00
2884
Елімізде шыбын-шіркейлерді улаумен айналысатын орталықтардың жұмысы қадағаланбайды - Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

Елде қандала, шыбын-шіркейлерді улаумен айналысатын орталықтардың жұмысы қадағаланбайды. Мұның зардабын қарапайым адамдар тартып отыр. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабулов арнамызға берген сұхбатында осылай деді. Ағымдағы жылдың өзінде Маңғыстау облысында қандаланы уламақ болғандар тұрғындарды улап, уыты күшті дәрінің кесірінен 2 жастағы қыз бен 29 жастағы келіншек қайтыс болған еді.  

Сәдуақас БАЙҒАБУЛОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

2004 жылға дейін дезинфекция жасайтындардың жұмысы толық қадағаланатын. Бүгінде ондай өкілетті органдардың бірде бірі жоқ. Кез келген қалаған адам керек аппаратты сатып алып, жасап жатады. Зардабын көріп отырмыз.  

Бас қаланың өзінде де қандала деп дабыл қаққандардың қарасы басым. Ал, олармен адам өміріне зиян келтірмей қалай күресуге болады? Алдын алу жолдары қандай? Әріптесім Әлішер Өмірзақ бұл проблеманы толық зерттеп білді. Ертең 20:00-де «Біздің уақыт» апталық-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.  

Ә. Өмірзақ