$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда «Перетаска» су каналынан балық өлексесі шығып жатыр

AstanaTV
25.02.2019ж. 20:00
3001
Атырауда «Перетаска» су каналынан балық өлексесі шығып жатыр

Атыраудағы «Перетаска» су каналының жағасына тағы балықтың өлекселері қалқып шықты. Күн жылынып, өзектегі мұз еріген. Мамандар жағаға шыққан өлекселерден сынама алынғандарын айтты. «Дегенмен, бұл балықтар былтыр жаппай қырылған кезде, жиналмай мұз астында қалған қалдықтар»,- деп отыр.  

Артур СӘДІБЕКҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Бұл жерде 2018 жылы жыл аяғында өлген балықтар екендігі анықталды. Себебі, қарағанда бұл қаңтар айында мұз қалыңдап, жинай алмай қалған балықтар анықталды. Дейтұрғанмен де тиісті органдармен, балықтың, судың сараптамалары алынып, зертханаға жіберілді.

Кешеден бері бұл аумақтан 30 келідей ұсақ балық теріп алған. Айта кетейік, «Перетаска» өзегі Атырау жылу электр орталығына қарайды. Былтыр желтоқсан айында дәл осы каналда ұсақ балықтар қырылып қалған болатын. Су маржандарының басы жұлынып, қабыршақтары зақымданған. Жылу беруші мекеме жұмысшылары ол кезде 1 тонна 300 келі ұсақ балық жинап алған еді. Осы оқиғаға орай, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әлі жалғасуда.  

Б. Нәдірқызы