Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Қазақстанның жаңа бейнесі» фильмдер жинағы көрерменге жол тартады

AstanaTV
03.11.2017ж. 20:00
7457
«Қазақстанның жаңа бейнесі» фильмдер жинағы көрерменге жол тартады

Қазақстанда мектеп оқып жүргенде жеке дүкен ашып, миллион теңге табыс тапқан кәсіпкерлер бар. Олар жас та болса, бірнеше белді компанияларға бас болып келеді. «Астана» телеарнасында өмір жолы жастарға өнеге болатын осындай тұлғалар жәйлі фильм көрерменге жол тартты. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «100 жаңа есімге» лайықты тұлғалар жәйлі деректі фильм сенбі күні сағат 20:45-те эфирге шығады.

Айдос Тосқанбаев, Арманның әкесі:

Бір күні Астанада жүрмін деп звондайды, ертеңінде Алматыда жүрмін дейді, сол күні кеште, не басқа бір шет мемлекетке шығып кетеді. Енді құр жай біліп отырамыз, андамын-мындамын, болды. Әрине, сағынамыз, анда-санда бір көреміз. Осылай келгенде бір мәз болып қаламыз енді.

Арманның жасы 26-да. Еңбекке құштарлығының арқасында кәсіп алаңында өз орнын тапқан азамат. Жетістіктері де баршылық. Отандық өнім ретінде сағат шығарып, оның бірін Президентке сыйлап үлгерген.

Арман Тосқанбаев, жас кәсіпкер:

Бір үлкен банк банкротқа ұшырап 2000-шы жылдары, мен соның барлық компьютерлерін ликвид-комиссия дейді, содан аукцион арқылы 4000 теңгеден сатып алып, оны 20 000 теңгеге сатып, солай бірінші дүкенімді аштым. 11 сыныпта жазда ең бірінші миллионымды таптым солай. Әкем екеуміз жаңағы б/у компьютерларды банктан сатып алып 4000 теңгеге, оны жуып, шайып, программасын қойып, ауыл жерлерге апарып малға айырбастайтынмын.

Бизнес саласында табысқа жеткендердің бірі - Жәнібек Кенжебаев. Мемлекет көмегінің арқасында біраз адамды еңбекпен қамтып отыр. Қазақстандық косметика саласына тың үрдіс әкелген азамат өзі қолға алған жобаның болашағынан зор үміт күтеді.

Жәнібек Кенжебаев,  жас кәсіпкер: 

Негізі кәсіпкерлік деген оңай нәрсе емес, әсіресе, кәсіпкер жас адам болса, одан да екі есе қиын нәрсе болады, бірақ та мемлекеттің көмегі арқылы, жобаны бастағалы бері, біз қаржыландыру алып жатырмыз. Соның арқасында заводты орнына қойып, іске жүргізіп жатырмыз.

Жастайынан бизнес саласында белгілі бір жетістіктерге жетіп, биіктерді бағындырған жастар жайлы «Қазақстанның жаңа бейнесі» фильмі ертең сағат 20:45-те «Астана» арнасынан көрсетіледі. Өткізіп алмаңыздар.